Accessibility links

Шымкентте тараған жағымсыз иістің қайдан шыққаны анықталды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шымкентте 26-қазанға қараған түні шыққан жағымсыз иістің қаладағы мұнай өңдеу зауытынан шыққаны анықталды деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Зарипа Абдуллақызының айтуынша, 26 қазанға қараған түні төтенше жағдайлар департаментінен 700-ден астам тұрғыннан жағымсыз иістің жайылғаны туралы шағым түскен. Тез арада жедел жұмысшы топ құрылып, "Қазгидромет" мекемесінің мамандары қаладағы мұнай өңдеу зауытынан 500 метр қашықта орналасқан көшелерден және Қарабастау тұрғын алабындағы ауадан сынама алынған.

- Зерттеу нәтижесінде ауадағы диоксид мөлшері шамадан 10 есе артқаны анықталды. Қазір жағымсыз иіс жойылды, - дейді Зарипа Абдуллақызы.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG