Accessibility links

Лондонда алтын алған 3 қазақстандық ауыр атлет медалін қайтарады


Мая Манеза (сол жақта), Зүлфия Чиншанло (ортада) және Светлана Подобедова (оң жақта).

Мая Манеза (сол жақта), Зүлфия Чиншанло (ортада) және Светлана Подобедова (оң жақта).

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімімен, Лондон олимпиадасының чемпиондары қазақстандық ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова "допинг қолданғаны үшін" алтын медалін қайтарады. ХОК шешімі комитеттің ресми сайтында жарияланды.

Спортшылардың Лондон олимпиадасында алған алтын медальдерін қайтару мәселесін Қазақстан олимпиада комитеті ұйымдастыруы тиіс.

Ресей спортшыларына қатысты допинг дауынан кейін ХОК пен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алынған анализдерді қайта тексере бастаған. Қайта тексеру кезінде қазақстандық 9 спортшының анализі оң нәтиже берген. Олардың қатарында Пекин мен Лондонда алтын алған Илья Ильин де бар. Ильинге қатысты шешім әлі шыққан жоқ.

Ал 26 қазанда ХОК Пекинде күміс алған қазақстандық балуан Таймураз Тигиевтің допинг қолданғаны дәлелденгені туралы мәлімдеме жариялаған. ХОК шешіміне сай, Тигиев те медалін қайтаруы тиіс.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG