Accessibility links

Минскіде ЕАЭО үкімет басшыларының жиыны өтті


Еуразия экономикалық одағына мүше елдер үкімет басшыларының жиыны. Минск, 27 қазан 2016 жыл.
Еуразия экономикалық одағына мүше елдер үкімет басшыларының жиыны. Минск, 27 қазан 2016 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 27 қазанда Минскіде Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысқан Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) 2017 жылғы бюджетін, ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы келісім жобасын, ЕАЭО елдерінде тауар тасымалын қадағалау шараларын жасауды талқылаған.

Кездесу қорытындысы бойынша көп жақты бірқатар құжатқа, оның ішінде Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылған.

XS
SM
MD
LG