Accessibility links

Сергей Дьяченконы ұлттық пантеонға жерледі


Парламент мәжілісінің депутаты, 64 жасында қайтыс болған Сергей Дьяченко

Парламент мәжілісінің депутаты, 64 жасында қайтыс болған Сергей Дьяченко

Астанада бүгін мәжіліс депутаты, 64 жасында қайтыс болған Сергей Дьяченконы жерледі.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өткен марқұммен қоштасу рәсімінде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин президенттің шешімімен Сергей Дьяченко Астана маңындағы ұлттық пантеонға жерленетінін мәлімдеді.

Марқұммен қоштасуға қаралы жиынға мәжіліс пен сенат депутаттары, министрлер мен әкімдер, қоғам қайраткерлері келді. Қоштасуға келгендер арасында президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Астана әкімі Әсет Исекешев, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де болды.

Пантеонға мемлекет және қоғамдық тұлғалар жерленеді.

Сергей Дьяченко 26 қазанда созылмалы сырқаттан көз жұмған.

Сергей Дьяченко 1999 жылдан бері екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты, мәжіліс төрағасының орынбасары болған. Ол 2010-2012 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарған. Сергей Дьяченко биыл наурызда сайланған алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінде экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің мүшесі болған.

XS
SM
MD
LG