Accessibility links

Ресей БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесі құрамынан шығып қалды


БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің эмблемасы.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің эмблемасы.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне екінші мерзімге сайлана алмаған Ресей оның құрамынан шығып қалды. Бұған дейін құқыққорғаушы ұйымдар Ресейді аталған кеңес құрамынан шығаруға шақырған болатын.

Жұма күні БҰҰ-ға мүше 193 ел өкілдерінің ең көп дауысын жинаған Хорватия (144 дауыс) мен Венгрия (114 дауыс) осы ұйымның адам құқықтары жөніндегі кеңесі құрамына сайланып, Ресей (112 дауыс) өте алмаған. Ресейдің бұл кеңеске мүшелігі 2016 жылдың соңында аяқталады. Әр мемлекет аталған кеңеске қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайды.

Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов БҰҰ кеңесі құрамынан Ресейдің шығатынына қынжылыс білдірген. Ол дауыс беру нәтижесін «Ресейдегі адам құқықтарының жай-күйіне қатысы жоқ, тек қана халықаралық қатынастарға байланысты» деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG