Accessibility links

«Мемориал»: Ресейде жыл ішінде саяси тұтқын саны екі есе көбейген


«Мемориал» құқыққорғау ұйымының Мәскеудегі кеңсесі.
«Мемориал» құқыққорғау ұйымының Мәскеудегі кеңсесі.

2016 жылы Ресейде саяси тұтқын саны екі есеге ұлғайған. Бұл туралы жұма күні ресейлік «Мемориал» құқыққорғау ұйымы хабарлаған. Ұйым сайтындағы ақпаратта 2015 жылы «Мемориал» әзірлеген тізімде 50 саяси тұтқын болса, бүгінде олардың саны 102 адамға жеткені айтылған.

Ұйым саяси тұтқынға бас еркіндігінен айырылғандармен бірге үйқамаққа алынғандарды да жатқызған.

«Саяси тұтқындар мен қуғынға ұшыраған азаматтық белсенділерді қолдау» бағдарламасының жетекшісі Сергей Давидистің РБК арнасына айтуынша, саяси себеппен сотталғандар саны жергілікті құқық органдарының іс-әрекетіне бола өсе түскен. Оның сөзінше, полиция экстремистік қылмыспен күрестің «нәтижелі» жүріп жатқанын көрсету үшін көбінесе бейкүнә жандарды ұстайды.

Қазанның 30-ы Ресейде саяси құрбандарды еске алу күні ретінде атап өтіледі.

XS
SM
MD
LG