Accessibility links

Тәжікстанда Рогун су электр станциясы бөгетін салу басталды


Вахш өзеніндегі Рогун су электр станциясы (ГЭС) бөгетінің құрылысы басталды. Тәжікстан, 29 қазан 2016 жыл.
Вахш өзеніндегі Рогун су электр станциясы (ГЭС) бөгетінің құрылысы басталды. Тәжікстан, 29 қазан 2016 жыл.

Тәжікстанда бүгін Рогун су электр станциясы (ГЭС) бөгетінің құрылысы басталды. Бөгет тұрғызу үшін Вахш өзені арнасын бітеу рәсіміне ел президенті Эмомали Рахмон қатысқан.

Рогун су бөгетінің биіктігі 335 метр болады деп жобаланған, онда сиымдылығы 13 миллиард текше метрден асатын су қоймасы салынады.

Бұған дейін ресми Душанбе Рогун гидроэлектр станциясының су қоймасы Арал бассейніндегі барлық мемлекеттермен келісілген Тәжістанның өз су квотасы есебінен толтырылатыны, бұның аймақтағы көрші елдердің ешқайсына зардабы болмайтыны туралы мәлімдеген.

Тәжікстан үкіметі Рогун ГЭС-і құрылысын жыл сайын күз және қыс айларында электр қуаты тапшылығына тап болатын ел үшін өте маңызды деп атаған.

Рогун су электр станциясын салуға Өзбекстан ұзақ жылдар бойы қарсылық білдіріп келген.

XS
SM
MD
LG