Accessibility links

Олланд Ұлыбританияны жасөспірім босқындарды қабылдауға шақырды


Тұрғындары басқа жаққа көшірілген лагерьдегі лашықтар өртеніп жатыр. Кале, Франция, 28 қазан 2016 жыл.

Тұрғындары басқа жаққа көшірілген лагерьдегі лашықтар өртеніп жатыр. Кале, Франция, 28 қазан 2016 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд Ұлыбританияны Кале қаласындағы мигранттар лагерінде тұрып жатқан 1500 жасөспірімді қабылдауға шақырды. Франция бұл жеткіншектердің Еуропада ешбір туған-туысы жоғына назар аударады. Азия мен Африкадан барған мыңдаған босқын тұрып жатқан Каледегі мигранттарға арналған лагерьді осыдан бірер күн бұрын бұзуға кіріскен Франция билігі қазір оның территориясын тазарту жұмыстарын аяқтап қалды.

Лагерь тұрғындарын Францияның басқа аймақтарындағы көшіп келушілерге арналған орталықтарға орналастыруды құптаған президент Олланд бұдан кейін француз билігі Каледегідей адамдардың өз бетімен лагерь тұрғызуына жол бермейтіні туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, жөн-жобасыз пайда болған мұндай лагерьлер екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бергі уақыт ішінде Еуропадағы ең ірі миграциялық дағдарыстың символына айналған.

Франция президенті Каледегі лагерьде тұрып келген бір жарым мың жасөспірім елдегі өзге арнайы орталықтарға орналастырылатыны жайлы хабарлаған. Бірақ оларды қабылдауға Ұлыбритания кетәрі болмас деген үмітін білдірген. Бұған дейін Каледегі жастардың көпшілігі өздерінен бұрын Еуропаға келген туыстары қазір Ұлыбританияда тұрып жатқандықтан, олар да сол елге баруға ниетті деп хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG