Accessibility links

Испания королі Мариано Рахойды премьер-министр етіп тағайындады


Мариано Рахой.

Мариано Рахой.

Испания королі алтыншы Фелипе жексенбі күні Халық партиясының жетекшісі Мариано Рахойды премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы La Vanguardia басылымы хабарлады.

Дүйсенбі, қазанның 31-і күні Рахой король резиденциясында оған ант бермек.

Қазанның 29-ы күні Испания парламенті екінші турда Рахойды үкімет басшысы қызметіне бекіткен. Оның кандидатурасын 170 депутат қолдап, 111-і қарсы дауыс берген. 68 депутат қалыс қалған.

XS
SM
MD
LG