Accessibility links

Сирия армиясы Алеппода көтерілісшілерге қарсы шабуыл бастаған


Алеппоның батыс аймағында әскери танк үстінде отырған адам. Сирия, 28 қазан 2016 жыл.

Алеппоның батыс аймағында әскери танк үстінде отырған адам. Сирия, 28 қазан 2016 жыл.

Сирия үкіметі әскері бұған дейін қарулы оппозицияның шабуылынан кейін тастап шығуға мәжбүр болған Алеппоның кейбір аудандарын қайтарып алу мақсатында сенбі қарсы ұрыс бастаған. Сириялық ресми ақпарат көздері мен үкіметке қарсылық танытып жатқан көтерілісшілердің хабарлауынша, Сирия армиясы әуе күштерінің қолдауына сүйеніп шабуылға кіріскен.

Үкімет әскері Алеппоның оңтүстігі мен батысында ірі шабуылды тойтарған деп хабарлайды ресми ақпарат көздері. Сонымен бірге адам құқықтары жағдайына мониторинг жүргізетін сириялық орталықтың хабарлауынша, оппозиция күштері Алеппоның оңтүстік-шығысындағы шеткері аудандарын бақылауына алған.

БҰҰ бас хатышсы Пан Ги Мун бейсенбі күні мектепке жасалған әуе шабуылын тергеуге шақырған. Ол шабуыл салдарынан 30-ға жуық адам (көпшілігі балалар) қаза тапқан.

БҰҰ-ның білім жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқаратын Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун да бұл оқиғаны тергеу қажеттігін айтқан. «Енді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізуге жауапты. Егер әскери қылмыс жасалғаны анықталатын болса, кінәлілер Халықаралық қылмыстық сот тергеуі арқылы жауапқа тартылуы тиіс» деген ол «Америка дауысы» радиосына сұхбатында.

Сәрсенбі күні әскери ұшақтар Идлиб провинциясындағы көтерілісшілер бақылауындағы ауылдардың біріне алты рет соққы беріп, салдарынан алты ұстаз бен 22 оқушы мерт болған деген дерек келтіреді сириялық құқыққорғаушылар.

XS
SM
MD
LG