Accessibility links

«Союз МС» ғарыш экипажы бүгін Қазақстан жеріне қонды


«Союз МС» ғарыш кемесі тиелген зымыранның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. 7 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

«Союз МС» ғарыш кемесі тиелген зымыранның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған сәті. 7 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан аумағына бүгін «Союз МС» ғарыш экипажы мүшелері - ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) астронавты Кэтлин Рубинс және Жапония астронавты Такуи Ониши қонды. Бұл туралы Ресейдің ғарышқа ұшуды басқару орталығы өкіліне сілтеме жасап Интерфакс агенттігі хабарлады.

Олар «Союз МС» ғарыш кемесі капсуласымен Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырым жерге қонған. «Союз МС» ғарыш экипажы халықаралық ғарыш станциясында 115 тәулік болған.

Қазір ғарыш станциясында құрамында ресейлік космонавтар Андрей Борисенко мен Сергей Рыжиков және америкалық астронавт Роберт Шейн Кимброу бар экипаж жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG