Accessibility links

Белградта премьер Вучичтің үйі маңынан жасырылған қару-жарақ табылған


Сербия премьер-министрі Александр Вучич.

Сербия премьер-министрі Александр Вучич.

Сербияда премьер-министр Александр Вучичтің үйі маңынан жасырылған қару-жарақ табылған, олардың арасында танкіге қарсы қолданатын «Золя» гранатометі де бар деп хабарланды.

Гранатометті премьердің беренді автокөлігін жоюға пайдаланып, Вучичке қарсы қастандық ойластырылған болуы мүмкін деген долбар айтылып жатыр, бірақ әзірше ондай ресми болжам жасалған жоқ. Түрлі қауіпсіздік органдары қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Вучич қауіпсіздік қызмет органдарына сенім артатынын, ешқандай төтенше шара енгізбейтінін мәлімдеген. Бұл ақпарат аймақта болып жатқан әртүрлі оқиғалар, соның ішінде әсіресе Черногорияда қазанның 16-сына жоспарланған «террорлық шабуылға дайындықты» тергеу кезінде ерекше резонанс туғызды. Осыған байланысты Сербиядағы сарапшылар түрлі қауіп-қатерге қарсы тұратын арнайы қызметтердің кәсіби деңгейі қандай деген сауалдар қойып, 2003 жылы премьер Зоран Джинджичтің қастандықпен өлтірілгенін еске салып отыр.

XS
SM
MD
LG