Accessibility links

АҚШ Стамбулдағы дипломаттарына елге оралуға кеңес берді


АҚШ пен Түркия тулары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ пен Түркия тулары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ мемлекеттік департаменті Стамбулдағы бас консулдығы қызметкерлерінің отбасыларына елге оралуға кеңес берді. Мемлекеттік департаменті сайтындағы ақпаратта мұндай шешім экстремистік топтар тарапынан шабуыл қаупі артуына байланысты қабылданып отырғаны айтылған.

Елге оралу жайлы кеңес тек Стамбулдағы бас консулдыққа ғана қатысты, Түркияның өзге аймақтарындағы АҚШ дипломатиялық миссиялары әдеттегідей жұмыс атқарып жатыр. Сонымен бірге мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарына Түркияның бүкіл аймағына саяхат жасау қатерлі екенін ескертіп, оның себебін террорлық қауіппен байланыстырған.

Америкалық дипломаттар бұған дейін биыл шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға әрекет жасалған кезде ол елден эвакуацияланған. Тамыздың соңында мемлекеттік департамент АҚШ-қа оралуға кеңес берілген дипломаттар тізімін ұлғайтқан, бірақ қыркүйек айында оларға Түркиядағы жұмыстарын жалғастыруға рұқсат еткен.

XS
SM
MD
LG