Accessibility links

Еуроодақ пен Канада еркін сауда туралы СЕТА келісіміне қол қойды


Канадамен сауда келісімін жасауға наразылық шеруі. Берлин, 10 қазан 2015 жыл.
Канадамен сауда келісімін жасауға наразылық шеруі. Берлин, 10 қазан 2015 жыл.

Еуропа Одағы мен Канада жексенбі күні еркін сауда туралы СЕТА келісіміне қол қойды. Брюссель мен Оттава арасындағы кеден алымдарының көбін алып тастайтын бұл құжатты енді алдағы жылғы қаңтарға дейін Еуропарламент пен Еуропа Одағына мүше 28 елдің барлығы ратификациялауы тиіс.

Бұл келісім жайлы бастама көтергендер ол Канада мен Еуропа Одағының экономикаларына оң әсер етеді деп санайды. Ал қарсылық білдірушілер қоршаған ортаны және тұтынушылар құқығын қорғау стандарттары әлсірейді деп қауіптенеді.

Әуелде сауда еркіндігі келісіміне қол қою қазанның 27-іне жоспарланған еді. Бірақ Бельгия аймақтарының бірі – Валонния сауда келісіміне тоқтау салды. Қосымша келіссөздерден соң аймақтың құжатқа қол қоюға қарсылығын еңсерген.

XS
SM
MD
LG