Accessibility links

Өзбекстанда саяси тұтқын Самандар Коконовтың түрме жазасы ұзартылды


Самандар Коконов пен Өзбекстанның бұрынғы президент Ислам Каримов.

Самандар Коконов пен Өзбекстанның бұрынғы президент Ислам Каримов.

Өзбекстан соты бұрынғы Өзбек Жоғарғы кеңесінің депутаты Самандар Коконовқа қайтадан үш жыл алты ай түрмеде отыру жазасын кесті. Бұл жайында Азаттықтың Өзбек редакциясына Коконовтың туыстары хабарлады.

72 жастағы Самандар Коконов Өзбекстанда 23 жылдан бері түрмеде отыр. Ол 1993 жылы шілдеде мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталып, кейін 20 жылға сотталған. 2014 жылы оның түрмеде отыру мерзімі тағы үш жылға ұзартылған.

Өзбекстанның жазаны атқару бас басқармасының Самандар Коконовтың әйелі Шахида Коконоваға жолдаған хатында жаза мерзімі тұтқынның "түрменің ішкі ережесін бұзғаны үшін" ұзартылғаны айтылады.

Самандар Коконовтың 42 жастағы ұлы Сардор Коконов Зарафшан қалалық соты әкесінің ісіне қатысты үкімді оның жаза мерзімі аяқталғаннан бір күннен соң шығарғанын айтады.

Жизақ облысынан шыққан Самандар Коконов Жоғарғы Кеңеске парламентке Өзбекстанның қазіргі премьер-министрі, президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзяев өткен кезде депутат болып сайланған еді.

XS
SM
MD
LG