Accessibility links

Алматыда мәдениет туралы заңға өзгерістерді талқылап жатыр


"Мәдениет туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысшы тобының Ұлттық кітапханадағы отырысы. Алматы, 31 қазан 2016 жыл
"Мәдениет туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысшы тобының Ұлттық кітапханадағы отырысы. Алматы, 31 қазан 2016 жыл

Алматыда бүгін Ұлттық кітапханада мәжілістің "Мәдениет туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысшы тобының кезекті отырысы өтіп жатыр.

Жиынға мәжіліс депутаттары, мәдениет және спорт министрлігі, әділет министрлігінің өкілдері, қоғамдық беленділер, ақын-жазушылар келген.

Жиында мәдени ошақтардың ашылуы және жабылуы мәселесін мәдениет министрлігімен келісу, ақын-жазушыларға кітаптары үшін қаламқаы беру мәселелері қаралып жатыр.

Заң жобасы бұған дейін Астанада парламент мәжілісінде талқыланған. Ол кезде мәдениет ұйымдарының, нысандарының жай-күйі, кітаптардың шығарылуы, таралуы, авторлық қаламақы және басқа да мәдениетке қатысты жайттар қозғалған.

XS
SM
MD
LG