Accessibility links

Бішкек ШЫҰ жиыны қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті


Бішкектегі милиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Бішкектегі милиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Қырғызстан милициясы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы қарсаңында қызметін күшейтті. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Елде шетелдік делегация болатын 30 қазан - 8 қараша күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осы уақыт аралығында тіркелген және есепке алынған қаруы бар азаматтардың қарулары уақытша алынады.

ШЫҰ елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 3 қарашада Бішкекте өтеді. Жиында ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мәселелері талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG