Accessibility links

Қарағанды облысында кеніште "Қазақмыс" жұмысшысы опат болды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында "Қазақмыс" компаниясының кенішінде тау-кен кәсіпорнының жұмысшысы жарақаттанып, мерт болды.

"Қазақмыстың" баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 30 қазанда Нұрқазған кенішінде магистральдық конвейерді іске қосу кезінде "Қарағандыцветмет" өндірістік бірлестігінің 36 жастағы машинисі ауыр жараланып, жан тапсырған. "Қазақмыс" қайғылы оқиғаның себебін анытайтын арнайы комиссия құрылғанын айтады.

Қыркүйектің ортасында "Қазақмыстың" "Интер 2030 Техсервис" ұйымының жұмысшысы Жезқазған жылу электр станциясының қазандығында биіктен құлап, алған жарақатынан Жезқазған қаласында ауруханада опат болған. Ал сәуір айында Жезқазғанда "Қазақмыстың" байыту фабрикасының жұмысшысы да биіктен құлап мерт болған.

XS
SM
MD
LG