Accessibility links

Анкара: Одақтастар әскері Мосулдан соң Ракканы қайтаруға кірісуі керек


Ирак халықтық жасағының күштері Мосул қаласына таяп келеді. Ирак, 29 қазан 2016 жыл.

Ирак халықтық жасағының күштері Мосул қаласына таяп келеді. Ирак, 29 қазан 2016 жыл.

Түркия Ирак "Ислам мемлекеті" (ИМ) бақылауындағы Мосул қаласын қайтарып алған соң және түрік армиясы ИМ содырларын Сириямен шекарадан ығыстырып тастағаннан кейін коалиция Сириядағы ИМ орталығы Ракка қаласына шабуыл бастауы керек деп мәлімдеді.

"Түркияның Ракка қаласына шабуыл жасауға қатысты ұстанымы айқын. Бұл операцияны Мосулға шабуыл мен түрік армиясының "Евфрат қалқаны" операциясы аяқталған соң жүргізу әскери-стратегиялық тұрғыдан оңтайлы болар еді" деп мәлімдеді 31 қазанда Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер өткен аптада Сирияның ИМ бақылауындағы Ракка қаласына Ирак армиясы Мосулды қайтарып алған соң шабуылдауды қолдаған. Ирак әскері 17 қазанда АҚШ бастаған коалиция әскери-әуе күштерінің қолдауымен Мосулды азат ету операциясын бастаған.

Өткен аптада Ирактағы америкалық жоғары шенді әскери өкіл Мосулдағы содырлардың Раккаға қарай жылыстап, Батыс елдерінің әскерилеріне шабуыл жасау қаупіне байланысты одақтастар әскерін Раккаға бұру қажетін мәлімдеген.

Ирак қауіпсіздік күштері мен күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтары 31 қазанда бірінші рет Мосулдың шетіне дейін барды.

Ирак премьер-министрі Хайдер Абади кеше содырлардан Мосулды үкімет әскеріне тапсыруды талап етті.

XS
SM
MD
LG