Accessibility links

БАҚ туралы заңға өзгерістер жобасы жарияланды


Компьютерде әлеуметтік желіні қарап отырған ер адам (Көрнекі сурет).
Компьютерде әлеуметтік желіні қарап отырған ер адам (Көрнекі сурет).

Ақпарат және коммуникация министрлігі ресми сайтында ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын жариялады.

Министрлік сайтында жарияланған жобада журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Құжат бойынша, жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды.

Өзгерістер жобасында төрт кодекс пен 12 заңға, соның ішінде "Жарнама туралы", "Байланыс туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Пошта туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдарға түзетулер енгізу қарастырылған. Бұл заң жобасының концепциясы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында 2 қарашада заң жобасы бойынша жұмысшы тобының отырысы өтетінін хабарлады. Топ құрамында журналистер, қоғамдық белсенділер мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

XS
SM
MD
LG