Accessibility links

Астана мұнай өндіру көлемін азайтуға қазір дайын емесін білдірді


АҚШ-тағы мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).

АҚШ-тағы мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).

Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан және тағы басқа мұнай өндіруші басты елдердің энергетика министрлері ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемін азайту туралы шешімін талқылап, келісімге келе алмады.

31 қазанда ОПЕК-ке кірмейтін Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Бразилия, Мексика және тағы басқа да елдердің өндіріс көлемін азайтуға келісе алмауы Нью-Йоркте биржасында мұнай баррелінің бағасының 4 пайызға дейін - 49.86 АҚШ долларына арзандауына әсер етті.

Венада өткен кездесуде Қазақстан энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Астананың мұнай бағасын тұрақтандыру үшін өндіріс көлемін азайту немесе көбейтпей бірқалыпты ұстап тұру мәселесін ойластыратынын, бірақ қазір ОПЕК келісіміне қол қоя алмайтынын айтты. Мырзағалиев мұнай өндіруші елдердің мәселені талқылай беретінін және келісімге келуге 30 қарашаға дейін уақыт барын айтты.

Әзірбайжан энергетика министрі Натиг Әлиев келіссөзге қатысқан елдер "нарықты тұрақтандыру қажет" деп тұжырғанын жеткізді.

Биыл жыл басынан мұнай өндіру көлемін бірқалыпты ұстап тұру жағында болған Ресей ОПЕК ұсынысына қосылуда қайта ойланып қалды. Жыл басынан бері мұнай бағасының баррелі 30 АҚШ долларынан 50 долларға дейін өскен.

XS
SM
MD
LG