Accessibility links

Астанада "ломбардты тонауға оқталған" тұрғын сотталды


Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

Астананың Есіл аудандық №2 соты (Көрнекі сурет).

Астана тұрғыны ломбардты тонауға дайындалды деген айыппен сегіз жылға сотталды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 42 жастағы Лери Сванидзені ломбардты тонауға және адамдарды кепілге алуға оқталды деп айыптаған.

Тергеу мәліметінше, Сванидзе 14 тамызда Кенесары көшесінде орналасқан ломбардқа тонау мақсатымен кіріп, ломбардтың өзге екі қызметкерімен бірге іште қамалып қалған. Кейін олардың барлығы босатылған.

Жергілікті агенттіктер Сванидзе бұған дейін сотта қылмыс жасауына отбасындағы қаржылық жағдайдың қиындығы түрткі болды дегенін хабарлайды. Сванидзенің адвокаты оған тағылған бап бойынша жеңіл жаза тағайындауды сұрап өтініш берген. Прокурор соттан Свинадзені 10 жылға соттауды сұраған. Судья Асхат Әшірбеков үкімді жариялағанда Свинадзенің дүние-мүлкі тәркіленетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG