Accessibility links

Беларусьте ОМОН қызметкерінің қатыгездігін айтқан жасөспірім сотталды


ОМОН қызметкеріне қол жұмсады деп айыпталған Александр Харута сот залында тұр. Минск, 31 қазан 2016 жыл.
ОМОН қызметкеріне қол жұмсады деп айыпталған Александр Харута сот залында тұр. Минск, 31 қазан 2016 жыл.

Беларусь жасөспірімі, өзін ОМОН қызметкерлері соққыға жықты деп мәлімдеген 17 жастағы Александр Харута милиция офцеріне шабуылдады деп айыпталып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Минск соты Александр Харутаға үкімді 1 қарашада шығарды.

Сот кезінде Харута жолдасы екеуі шілдеде қоғамдық орында масаң күйде жүрді деген күдікпен ұсталғанын, ОМОН қызметкерлері өзін әуелі арнайы көлікте, сосын милиция бөлімшесінде соққыға жыққанын мәлімдеген. Ол сонымен қатар ОМОН қызметкерлері өзіне жыныстық зорлық қылатынын айтып, доқ көрсеткенін де айтқан.

Харута милиционерлердің бірі өзін бетінен ұрған соң оған қол жұмсағанын мойындады. Сот жасөспірімді ОМОН қызметкерін басынан ұрды деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG