Accessibility links

ЮНЕСКО: 2015 жыл - он жылдағы журналистер мерт болған екінші жыл


2015 жылы қаңтарда Сирияда ИМ содырлары жариялаған жапониялық журналист Кэндзи Готоны өлтіргені туралы видеодан кқрініс.
2015 жылы қаңтарда Сирияда ИМ содырлары жариялаған жапониялық журналист Кэндзи Готоны өлтіргені туралы видеодан кқрініс.

БҰҰ-ың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) мәліметінше, әлемде орта есеппен әр бес күнде бір журналист кәсіби қызметін атқарып жүріп қаза табады. ЮНЕСКО даярлаған есепке қарағанда, соңғы 10 жылда мерт болған 827 журналистің 115-і өткен жылы қаза тапқан. Осылайша, 2015 жыл соңғы он жылда журналистер ең көп қаза тапқан екінші жыл болып отыр.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы біраз территориясын басып алған Сирия мен Ирак журналистер үшін ең қауіпті аймақ тізіміне енген. 2014 жылы бұл елдерде 24 журналист, 2015 жылы 23 журналисті өлтірген. Сирия мен Иракта ИМ содырлары 2014 жылы "ислам халифатын" жариялаған соң мұнда ондаған бірнеше журналисті өлтіріп, оның видеосын жариялаған.

Ұйым келтірген мәліметтер бойынша, 2014 жылы Украинада жеті, Ауғанстанда бес журналисті, Пәкістанда 2014 және 2015 жылдары төрт-төрттен журналисті өлтірген.

ЮНЕСКО есебінде барлық журналист қазасының оннан азы ғана ашылғаны айтылады. Есепке журналистерді ұрлап алып кету, еріксіз ұстау, азаптау, қорқыту мен қысым көрсету сияқты өзге де заң бұзушылықтар енгізілмеген.

ЮНЕСКО қаза тапқандардың көпшілігі жергілікті журналистер, оның ішінде тиісті түрде қорғалмай жұмыс істейтін фрилансерлер екенін айтады. Ұйым штаттан тыс жұмыс істейтін журналистерді ақпарат саласындағы "ең әлсіз топ" деп атайды.

XS
SM
MD
LG