Accessibility links

Мәжіліс уран банкін құру туралы заң жобасын мақұлдады


Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәжілісте уран банкін құру туралы келісімді мақұлдау жөніндегі заң жобасын таныстырып тұр. Астана, 2 қараша 2016 жыл
Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәжілісте уран банкін құру туралы келісімді мақұлдау жөніндегі заң жобасын таныстырып тұр. Астана, 2 қараша 2016 жыл

Бүгін парламент мәжілісі Қазақстан үкіметі мен Атом энергясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы Қазақстанда "Әлсіз байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау" туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын энергетика министрі Қанат Бозымбаев таныстырып, депутаттар сұрақтарына жауап берді.

- Банк тұрақты алып тұратын уран көзі немесе әлдебір "дүкен" болмайды. Уран резерві - ол негізінен, дербес қор. Ол тек әлемдік уран нарығында дағдарыс туындаған жағдайда пайдаланылады. Қалыпты жағдайда бұл қордың қажеті болмайды, - деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуына қарағанда, банк қоры Қазақстанға экономикалық пайда әкелмейді. Бозымбаев өткен жылдың тамызында жасалған келісім бойынша, әлсіз байытылған уран қорын тасымалдау, оның салығын төлеуге қатысты шығындарын МАГАТЭ көтеретінін айтады. Қазақстан тек МАГАТЭ қорын сақтауға, коммуналдық шығындарға және банк қызметкерлеріне байланысты шығындарды мойнына алады.

Атом электр станциялары тұтынатын әлсіз байытылған уран қоры Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында гексофторид түрінде цилиндрлерде сақталмақ.

XS
SM
MD
LG