Accessibility links

Қытайда кеніштегі жарылыстан 33 кеншінің қаза тапқаны белгілі болды


Қытайдағы көмір кеніштерінің бірі (Көрнекі сурет).

Қытайдағы көмір кеніштерінің бірі (Көрнекі сурет).

Қытайда осы апта басында көмір кенішінде болған жарылыстан із-түзсіз жоғалған 33 кенші қаза тапты. Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігінің 2 қарашада хабарлауынша, 31 қазанда елдің оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласындағы жекеменшік Цзиньшаньго кенішінде болған апаттан жер астында қалып қойған 33 кеншінің денесі жер бетіне шығарылған. Жарылыс кезінде екі кенші ғана аман қалған.

Кеніштегі жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ мұндай жарылыстар әдетте жер астынан шығатын газдан туындайды.

Қытай билігі қайғылы оқиғаны тексеруге тапсырма беріп, кенішті уақытша жапты.

Қытай - әлемдегі кеніштері ең қауіпті елдердің бірі.

XS
SM
MD
LG