Accessibility links

Шымкент әкімдігі демократияны қолдау митингісіне тағы да рұқсат етпеді


Шымкенттік белсенді Ибраһим Әлсерке

Шымкенттік белсенді Ибраһим Әлсерке

Шымкент қаласының әкімдігі белсенділердің демократияны қолдау үшін митинг өткізуіне кезекті рет рұқсат етпеді деп хабарлайды белсенді Ибраһим Әлсерке Азаттыққа.

Ибраһим Әлсеркенің айтуынша, шымкенттік белсенділер 19 қазан күні "Демократия институттарын дамыту орталығы" қоғамдық бірлестігінің атынан демократияны қолдау үшін митинг өткізуге рұқсат сұрап қала әкімдігіне өтініш берген. Бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қаулысы мен оның орынбасары Қайрат Нұртайдан жауап алған.

- Қала әкімдігіне митинг өткізу үшін бірнеше рет өтініш тастадық. Бірақ бірде бір рет рұқсат етпеді. Меніңше, рұқсат бермеуінің бірден бір себебі - халық көтеріліп кетеді деп ойлайды. Ал ресми жауапта көрсеткен сылтауы - сылтау емес, - дейді ол.

Белсенділер 6 қазан күні қаладағы Абай саябағының "Даңқ" мемориалы, "Металлургтер" саябағы және "Наурыз" алаңынның бірінде митинг өткізуге рұқсат сұраған. Алайда, қала әкімінің орынбасары "Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өтініш мақұлданбағанын" айтып, "егер қабылданған шешімге келіспеген жағдайда тиісті орындарға жүгінуге құқылы екенін" ескертеді.

Шымкенттік белсенділер бұдан бұрын жер дауына, Конституциясы күніне орай және демократияны қолдау үшін митинг өткізуге рұқсат сұрағанымен, қала әкімдігі әртүрлі себептермен келісім беруден бас тартқан.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG