Accessibility links

Ресей: Екатеринбургте ВИЧ-тің таралуы эпидемиялық деңгейге жетті


Ресейдегі 1994-2014 жылдар аралығында ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар жайлы ресми мәлімет (Көрнекі сурет).
Ресейдегі 1994-2014 жылдар аралығында ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар жайлы ресми мәлімет (Көрнекі сурет).

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Екатеринбург қаласында ВИЧ инфекциясының таралуы эпидемиялық деңгейге жеткенін мәлімдеді.

Екатеринбург денсаулық сақтау департаменті бастығысының бірінші орынбасары Татьяна Савинова 2 қарашада қаланың 1,4 миллион халқының 1,8 пайызы СПИД тудыратын вирусқа шалдыққанын хабарлады.

Сарапшылар ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың барлығы бірдей дәрігерлік тіркеуге тұрмайтындықтан вирус жұқтырғандардың шынайы саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді.

Екатеринбург - Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирскіден кейінгі төртінші үлкен қаласы.

XS
SM
MD
LG