Accessibility links

Мәскеуде украин әдебиеті кітапханасы директоры сотқа тартылды


Украин әдебиеті кітапханасының директоры Наталья Шарина сот залында. Мәскеу, 2 қараша 2016 жыл.

Украин әдебиеті кітапханасының директоры Наталья Шарина сот залында. Мәскеу, 2 қараша 2016 жыл.

Мәскеуде украин әдебиеті кітапханасы директоры Наталья Шаринаның үстінен сот басталды.

Шарина өткен жылы қазанда ұсталып, "этникалық жек көру тудырды" және "экстремистік қызметпен айналысты" деп айыпталған. Бұған Наталья Шарина басқаратын кітапханадан Ресейде тыйым салынған украин ультраұлтшылы Дмитро Корчинскийдің кітаптарының табылуы" себеп болған.

Наталья Шарина ұсталған соң үйқамаққа алынған. Сәуірде оған "кітапхананың қаржысын мақсатсыз жұмсады" деген тағы бір айып тағылған. Тергеушілердің мәлімдеуінше, 2013 жылы Шарина өзіне қатысты экстремизммен байланысты өзге іс бойынша процесте адвокат қызметіне қаржыны кітапхана есебінен төлеген. Ол кезде Шарина ақталып шыққан. Оның адвокаты кітапханашыға қарсы жаңа қылмыстық істің бұрынғы іс сәтсіз шыққан соң "қолдан жасалғанын" мәлімдеді.

Наталья Шарина өзіне тағылған айыпты мойындамайды және "істің саяси астары бар" дейді.

XS
SM
MD
LG