Accessibility links

Сағынтаев пен Жээнбеков Бішкекте тариф саясатын талқылады


Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев (сол жақта) пен Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбеков. Бішкек, 2 қараша 2016 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев (сол жақта) пен Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбеков. Бішкек, 2 қараша 2016 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбеков экономикалық интеграция және тариф саясаты саласындағы ынтымақтастықты талқылады деп хабарлады 2 қарашада Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Сағынтаев Бішкекке кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынына қатысуға барған. Ол жиынның қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп болжанып отыр. ШЫҰ елдері президенттерінің саммиті 2017 жылы 8-9 маусымда Астанада өтеді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG