Accessibility links

Баян Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды


Баян Есентаева, продюсер әрі актриса.

Баян Есентаева, продюсер әрі актриса.

Талдықорғандағы Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұбайы, продюсер Баян Есентаеваны өлтірмек болды деп айыпталған Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға соттады.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Есентаевқа жаза "кісі өлтіруге оқталу" айыбы бойынша кесілген. Ал "сексуалдық сипаттағы зорлық әрекетін жасау" және "зорлау" баптары бойынша сотталушы тараптар өзара ымыраласқандықтан ақталған.

Бұған дейін соңғы кезде ақпарат құралдары тегін Баян Мақсатқызы деп өзгертті деген Баян Есентаева сотта күйеуін кешіретінін мәлімдеп, судьядан бас бостандығымен байланысты емес жаза кесуді сұраған.

Мемлекеттік айыптаушы Есентаевты 15 жылға соттауды сұраған. Бұл іс бойынша сотты алқа билер жабық түрде қараған.

Бақытбек Есентаев биыл маусымда - Баян Есентаева денесіне түскен пышақ жарақаттарымен Талғар аудандық ауруханасына түскен соң ұсталған. Оны ауруханадан 10 күннен соң шығарған. Тергеушілер Бақытбек Есентаев жұбайына "қызғаныштан қол жұмсаған" дейді. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін талқылауға ұласқан.

XS
SM
MD
LG