Accessibility links

Мемлекеттік дума допингке қарсы жазаны күшейту туралы заң жобасын мақұлдады


Ресей мемлекеттік думасының жиыны, Мәскеу (Көрнекі сурет).
Ресей мемлекеттік думасының жиыны, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы бүгін екінші және үшінші (соңғы) оқылымда спортта допинг қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін заң жобасын мақұлдады.

Бұған дейін заң жобасына үкімет жазаны жеңілдететін түзету енгізген. Оған сай, жаттықтырушының немесе спорт маманының спортшының допинг қолдануына септескені үшін 300 мың рубльге (4700 доллардан астам) дейін айыппұл салынып, кәсіби қызметіне тыйым салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығы шектеледі.

Спортшы жаттықтырушысының, спорт медицинасы маманының келісімімен, я өз бетімен болсын допинг қолданса бір миллион рубльге дейін (15 мың доллардан астам ) айыппұл салынады. Спортшыны допинг қолдануға бейімдеген жағдайда оның салдарынан атет абайсызда өліп кетсе, я басқа да ауыр зардап шексе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Шілдеде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресей спортшыларының Ресей билігінің қолдауымен допингті жаппай қолданғаны туралы баяндама жариялаған. Мұның салдарынан ресейлік жүзден астам спортшы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиадаға қатыстырылмады. Ресей паралимпиада құрамасы да осыдан кейін Риода өткен ойындардан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG