Accessibility links

Ұлыбритания соты: Brexit келіссөзіне парламент дауыс беруі тиіс


Ұлыбритания парламенті алдындағы елдің ЕО-дан шығу шешіміне қарсы наразылық шеруі. Лондон, 26 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания парламенті алдындағы елдің ЕО-дан шығу шешіміне қарсы наразылық шеруі. Лондон, 26 шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания жоғарғы соты парламент үкіметтің Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығу процесін бастауы мәселесін дауысқа салуы тиіс деген шешім шығарды. Бұл - үкімет ЕО-мен одақ құрамынан шығу туралы формалды келіссөз жүргізу үшін Лиссабон келісімінің 50-бабын өз бетімен жоя алмайды деген сөз.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ЕО-дан шығу туралы референдум өткендіктен депутаттардың дауыс беруі керек емес дейді. Бірақ елдің ЕО-дан шығуы кампаниясын бастаушылар мұны конституцияға қайшы дейді. Үкімет Жоғарғы сот шешіміне шағымдануы мүмкін.

Тереза Мэй Лиссабон келісімінің 50-бабын келесі жылғы наурыз айының соңына дейін жоятынын айтып, Ұлыбританияның ЕО-дан тезірек шығу ниеті барын білдірген.

Маусымда өткен референдумда сайлаушылардың 51,9 пайызы ЕО-дан шығуды, 48,1 пайызы одақ құрамында қалуды қолдап дауыс берген.

ЕО-ның өзге 27 мемлекеті Ұлыбританияның одақ құрамынан шығу мерзімі кем дегенде екі жылға созылуы мүмкін, келіссөз Лиссабон келісімінің 50-бабы жойылмайынша басталмайтынын білдірген.

BBC-дің саяси мәселелер жөніндегі редакторының көмекшісі Норман Смит егер сот шешімі жойылмаса, онда алдағы бірнеше айда парламент brexit келісөзін бастауға кедергі жасап бауы мүмкін дейді. Бірақ ол сайлаушылардың көпшілігі brexit-ті қолдағандықтан парламент депутаттарының Лиссабон келісімінің 50-бабын жоюды қолдап дауыс беруі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG