Accessibility links

Қырғыз парламентінде көпшілік коалициясы құрылды


Коалиция құрған фракциялардың басшылары Алтынбек Сулайманов, Иса Өмүрқұлов, Алмазбек Баатырбеков.
Коалиция құрған фракциялардың басшылары Алтынбек Сулайманов, Иса Өмүрқұлов, Алмазбек Баатырбеков.

Қырғыз парламентінде КСДП, «Қырғызстан» және «Бір Бол» фракциялары кірген көпшілік коалициясы түзілді. Коалиция үкімет басшысы міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековті премьер-министрлікке ұсынды.

Қырғыз парламентінде алты партия - КСДП (38 мандат), «Республика-Ата-Жұрт» (28), «Қырғызстан» (18), «Онугуу-Прогресс» (13), «Бір Бол» (12) және «Ата Мекен» (11) фракциялары бар.

Қырғызстанда 26 қазанда парламенттегі коалиция тарап кеткен соң ел президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберген.

XS
SM
MD
LG