Accessibility links

Сербияның ЕАЭО-мен келісімге қол қою жоспары бар


Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич.

Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич.

Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич Белград Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағымен (ЕАЭО) кешенді келісөзге қол қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

3 қарашада Ресейдің Суздаль қаласына барған сапарында Дачич Сербияның "ЕАЭО-ның жекелеген елдерімен еркін сауда аймағын құру туралы келісімдер жасасқанын", "бірақ олардың бір-бірінен өзгешелеу екенін" айтты. Ол Белград қазір ЕАЭО-ның барлық еліне ортақ бір келісім жасасуды жоспарлап отырғанын айтты.

Сербия Ресеймен бұрыннан жақын байланыс орнатқанымен, Еуропа Одағы құрамына кіруден де үмітті.

2015 жылы құрылған ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше.

XS
SM
MD
LG