Accessibility links

Сириядағы көтерілісшілер Түркияның Ракканы азат етуге қатысуына қарсы


Сириядағы "Сирия демократиялық күштерінің" жасақтары.
Сириядағы "Сирия демократиялық күштерінің" жасақтары.

Сириядағы АҚШ қолдайтын араб және күрд жасақтары Түркияның Ракка қаласына жоспарланып отырған шабуылға қатысуына қарсы шықты. Түркия бұған дейін "Ислам мемлекеті" (ИМ) бақылауындағы Ракка қаласын азат ету операциясына қатысқысы келетінін білдірген.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер осы аптада Анкарамен Түркияның ИМ-нің Сириядағы орталығы - Ракканы азат етудің соңғы бөліміне қатысу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

АҚШ билігінің өкілдері бұған дейін Ракканы қайтару операциясын таяудағы бірнеше аптада бастауды ойластырып отырғанын және қаланы негізінен күрдтер мен араб қарулы топтарының одағы - "Сирияның демократиялық күштері" (SDF) альянсы қоршауға алатынын мәлімдеген.

"Сирияның демократиялық күштері" - Ракканы қайтару операциясына қатысатын бірден бір әскери құрылым. Операцияға Түркияның қатысуы туралы мәселе коалициямен бірге шешілген. Түркия қатыспайды" деді альянстың ресми өкілі Талал Сило.

Анкара SDF альянсының құрамына күрдтердің "Халықтық өзін-өзі қорғау отряды"кіреді деп алаңдайды. Түркия билігі бұл ұйымды елде ондаған жыл бойы қарулы күрес жүргізіп келе жатқан Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп санайды. Бұған дейін сирия-түркия шекарасындағы аудандардан ИМ-ді ығыстыру операциясы барысында SDF мен осы ауданда операция жүргізіп жатқан, Түркия қолдайтын күштер арасында қақтығыс болып қалған еді.

XS
SM
MD
LG