Accessibility links

Алматы әуежайында "бомба" туралы хабардан соң эвакуация жасалды


Алматы халықаралық әуежайы.

Алматы халықаралық әуежайы.

Алматы әуежайында бүгін белгісіз адам телефонмен әуежай аумағына бомба қойылды деп хабарлап, адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Әуежай баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бомба туралы хабар сағат 11:25-те түскен. Бұдан соң дереу әуежайдан жолаушылар мен әуежай қызметкерлері дереу шығарылып, әуежай аумағы тексерілген. Бомба туралы ақпарат жалған екені анықталған соң, әуежай қызметін қайта жалғастырған.

Қазір құқық қорғау органдары бомба туралы ақпаратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG