Accessibility links

Түркияда күрд партиясының жетекшілері ұсталған соң жарылыс болды


Диярбакырдағы жарылыс болған орын. Түркия, 4 қараша 2016 жыл.
Диярбакырдағы жарылыс болған орын. Түркия, 4 қараша 2016 жыл.

Түркияның күрдтер тұратын Диярбакыр қаласында бүгін ірі жарылыс болып, кем дегенде алты адам жараланды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жарылыс таңертең Баглар ауданындағы полиция ғимаратының жанында болған. Алдын ала болжамға қарағанда, көлікке жасырылған бомба жарылған.

Бұл жарылыстан бірнеше сағат бұрын билік күрдшіл Халықтық демократиялық партиясының (HDP) 11 депутатын ұстаған. Ұсталғандар арасында партияның тең төрағалары Селахаттин Демирташ пен Фиген Юксекдаг бар. Күштік құрылымдардағы дереккөзінің хабарлауынша, партия мүшелері терроризм туралы қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған.

HDP өткен жылы сайлауда бірінші рет парламенттен орын алып, елдегі үшінші ірі партияға айналған. Түркия билігі HDP-дың елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар дейді. HDP Анкараның бұл айыбын жоққа шығарады.

Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң төтенше жағдай жарияланған.

XS
SM
MD
LG