Accessibility links

Боқаев пен Аян сотында судьядан бақылаушыға ескерту жасауды сұрады


Азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаев сотта тұр. Атырау, 28 қазан 2016 жыл.

Азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаев сотта тұр. Атырау, 28 қазан 2016 жыл.

Атыраудағы азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сотта прокурор судьядан шетелдік бақылаушыға "бет әлпеттеріндегі жымиысы үшін" ескертуді сұрады.

Прокурор Қасым Садықов куәгерден жауап алу кезінде судья Гүлнәр Дәулешовадан сотқа бақылаушы ретінде қатысып отырған АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің саяси бөлімінің жетекшісі Нинг-Чуан Джуға ескерту беруді сұрады. Садықовтың сөзіне қарағанда, Джу өзінің сөзіне "күлген". Судья оған жауап ретінде бақылаушыға "залда тыныштық сақтауды" сұрады.

Боқаев пен Аянның сотында бүгін Атыраудың бірнеше тұрғыны сұралды. Олардың арасында 24 сәуірде Атыраудағы митингіге қатысқандар митингіге "жерді шетелдіктерге сатуға қарсы болғаны" үшін барғанын айтты. Куәгерлерге сұрақ қойған прокурорлар олардың ойынша нақты қай елдің азаматтарына жер сатылмақ екеніне, Қытай азаматтары туралы әңгіме болғанына назар аудара түсті. Прокурорлар куәгерлерге "Қытай азаматтары" туралы сауалдарды бұған дейінгі сотта да қойған.

Бұған дейін сотта ішкі істер министрлігінің өкілі Сабыржан Сейітжанов соңғы он жылда 78 мың Қытай азаматы Қазақстан азаматтығын алғанын, олардың жүзден астамы ғана этникалық қытай екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG