Accessibility links

Алеппода біржақты уақытша бітім күшіне енді


Алепподан бейбіт тұрғындарды көлікпен шығарып алып бара жатқан көтерілісшілер. Сирия, 30 қазан 2016 жыл.

Алепподан бейбіт тұрғындарды көлікпен шығарып алып бара жатқан көтерілісшілер. Сирия, 30 қазан 2016 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында бүгін Сирия билігі мен Ресей жариялаған біржақты, 10 сағаттық уақытша бітім күшіне енді. Бітім көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындар арнайы жолдар арқылы Алеппоның қоршаудағы шығыс аудандарынан шығып кету үшін жарияланған.

Сириялық белсенділер "гуманитарлық үзіліс" деп атаған бітімнің алғашқы сағаттарында Сирия үкіметі әскері я оппозицияшыл көтерілісшілер айтарлықтай ұрыс қимылдарын жасамағанын айтады.

Көтерілісшілер бұған дейін бітімді "халықаралық қысымды жұмсарту" әрекеті деп қабылдамай, қоршауды бұзып шығу операциясын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Бұған дейін қазанда жарияланған үш күндік бітім кезінде 250 мыңға тарта халық тұрып жатыр делінген қаладан аз ғана адам шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG