Accessibility links

Оңтүстік Кореяда шерушілер ел президентінің отставкаға кетуін талап етті


Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе.

Оңтүстік Кореяда сенбі күні шеруге шыққан мыңдаған адам коррупциялық жанжалға іліккен ел президенті Пак Кын Хенің отставкаға кетуін талап етті. Полицияның мәліметі бойынша, шеруге 43 мың адам қатысқан. Ұйымдастырушылар наразылық акциясына 100 мың адам шыққанын айтады деп хабарлады Euronews телеарнасы.

Жергілікті ақпарат құралдары мемлекет басшысының құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекеттік істерге араласатыны туралы хабар таратқаннан кейін Оңтүстік Корея президентінің рейтингі құлдыраған. Баспасөздің хабарлауынша, Чхве Сун Силь өз бақылауындағы қорларға Оңтүстік Кореяның корпорацияларын миллиондаған доллар ақша аударуға мәжбүрлеген. Өткен аптада құқық органдары ол әйелді тұтқындап, «билікті теріс пайдаланған» деген айып таққан.

Президент Пак Кын Хе аталған оқиғалар үшін кешірім сұрап, Оңтүстік Корея билігінде бірқатар ауыс-түйіс жасаған. Оның президенттік қызмет өкілетінің мерзімі енді екі жылдан астам уақыттан соң аяқталады. Сарапшылар Пак Кын Хенің отставкаға кетуі неғайбіл деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG