Accessibility links

Париждегі терактіден соң жыл өткенде «Батаклан» концерт залы қайта ашылады


Парижде терактілер болған орындардың бірі - «Батаклан» концерт залы. 14 қараша 2015 жыл.
Парижде терактілер болған орындардың бірі - «Батаклан» концерт залы. 14 қараша 2015 жыл.

Парижде осыдан бір жыл бұрын 130 адамды мерт қылған террорлық шабуылдардың бірі болған орын - «Батаклан» концерт залы қайтадан ашылады. Қарашаның 12-і күні оның сахнасынан британ әншісі Стинг ән шырқайды. Концерттен түскен қаржы террорлық шабуыл құрбандары мен олардың жақындарына қолдау танытатын қайырымдылық ұйымдарына берілмек.

Келесі күні теракт құрбандарын еске алу шарасы өтеді. Оған терактілер кезінде зардап шеккен адамдар мен құрбан болғандардың туыстары шақырылады. Жергілікті билік еске алу рәсімі кезінде қауіпсіздік шараларын барынша күшейтілетінін айтып отыр.

2015 жылғы қарашаның 13-і күні Парижде үйлестіріліп жасалған бірнеше террорлық шабуыл салдарынан кемінде 130 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам зардап шеккен. Мерт болғандардың 90-ы «Батаклан» концерт залында өлтірілген. Бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алған.

XS
SM
MD
LG