Accessibility links

Ресейдің Иваново кентінде газ жарылысынан алты адам қаза тапқан


Газ жарылысы болған жерде жүрген төтенше жағдай қызметкерлері. Иваново, 6 қараша 2016 жыл.

Газ жарылысы болған жерде жүрген төтенше жағдай қызметкерлері. Иваново, 6 қараша 2016 жыл.

Ресейдің Иваново қаласында тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан алты адам мерт болған. Құрбан болғандардың арасында төрт жасар қыз бала бар деп хабарлаған Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқармасы. Төтенше оқиғадан қатты зардап шеккен төрт адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазанның 23-і күні Рязань қаласында көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде болған газ жарылысынан жеті адам опат болып, 20-ға жуық адам зардап шеккен. Қарашаның 2-і күні Ресей президенті Владимир Путин құрылыс министрлігіне тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз етуші компанияларға қойылатын бірегей талап әзірлеуді тапсырған.

Ресейде 2016 жылдың басынан бері ондаған рет тұрмыста пайдаланылатын газ жарылысы оқиғалары тіркеліп, жиыны 30-дан астам адам өлген.

Иваново қаласындағы кезекті жарылыстан соң төтенше жағдайлар министрлігі бүкіл ел көлемінде газ құрал-жабдықтарын тексеруге кірісетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG