Accessibility links

Түркия соты оппозициялық газеттің 9 журналисін тұтқындаған


Оппозициялық газетті оқып тұрған ер адам. Стамбул, 31 қазан 2016 жыл.

Оппозициялық газетті оқып тұрған ер адам. Стамбул, 31 қазан 2016 жыл.

Түркия соты оппозициялық Cumhuriyet (Жұмхұриет) газетінің тоғыз журналисін тұтқындаған. Олардың арасында басылымның бас редакторы Мұрат Сабынжы да бар деп хабарлайды Euronews телеарнасы.

Басылым қызметкерлері қазанның 31-і күні терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Оларға «күрд қарулы құрылымдарын қолдайды» және оппозициялық діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген айыптар тағылған. Ресми Анкара биыл шілдеде сәтсіздікке ұшыраған әскери төңкеріс жасау әрекетін Гүлен ұйымдастырған деп санайды.

Cumhuriyet газеті 1924 жылдан бері күнделікті шығып келеді. Олардың қызметкерлері бұған дейін де қудалауға түскен. 2016 жылы Мұхаммет пайғамбардың карикатурасын көшіріп басқаны үшін екі жылға түрмеге қамалған.

XS
SM
MD
LG