Accessibility links

Клинтон мен Трамп отандастарын сайлауға дауыс беруге шақырды


АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон (оң жақта) мен Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон (оң жақта) мен Дональд Трамп.

АҚШ-та қарашаның 8-індегі дауыс беруге санаулы уақыт қалғанда президенттікке кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп сайлау нәтижесі үшін маңызды саналатын және «ауытқымалы» деп аталатын штаттарда сайлаушылармен кездесіп жатыр. Екі кандидаттың әрқайсысы өз жағына президент сайлауына дауыс беруге қатысатыны не қатыспайтыны туралы әлі түпкілікті шешімге келмеген сайлаушыларды көптеп тартуға тырысып жатыр.

Жұма күні Клинтон мен Трамп Огайо және Пенсильвания штаттарында митингілер ұйымдастырған. Нью-Гэмпшир штатындағы жиында сөйлеген сөзіндеТрамп бәсекелесін АҚШ аумағына Сириядан келетін босқындар санын ұлғайтуға мүдделі деп айыптаған. Және ол Клинтон сайлауда жеңген жағдайда «терроризм буыны» туралы ескерткен.

Өз кезегінде Клинтон Пенсильвания штаты Питсбургтегі сөзінде Трамптың «мінезі шәлкес және аузы жеңіл» болғандықтан, «президент болуға лайық емес» деген сөзін қайталаған.

Сенбі күні WikiLeaks сайты АҚШ президенттігіне демократиялық партиядан кандидаттың сайлау штабының жетекшісі Джон Подестаның хаттарының кезекті, 31-бөлігін жариялаған. Бұған дейін WikiLeaks Подестаның бірнеше мың хатын жария еткен еді.

XS
SM
MD
LG