Accessibility links

Филиппин президенті Дутерте Путинді пір тұтатынын мәлімдеген


Филиппин президенті Родриго Дутерте.

Филиппин президенті Родриго Дутерте.

Филиппин президенті Родриго Дутерте Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Владимир Путинді пір тұтатынын мәлімдеген. Оның сөзінше, Ресей президенті мемлекет басшысына лайық іс-әрекет жасайды.

Сұхбат алдында берілген видеороликте тілші филиппин президентіне әртүрлі мемлекеттер атаулары мен саясаткерлердің аты-жөні жазылған тақтайшаларды көрсетіп, одан әлгі жазуларды көргенде ойына бірден не түсетінін қысқаша айтып беруін сұрайды. Vladimir Putin деген жазуы бар тақтайшаны көрген сәтте Дутерте еш мүдірместен: «Менің кумирім» деп жауап береді.

Видеороликті жариялаған Business Insider басылымы сайтында Филиппин президентінің Путин туралы жылы сөзді бұған дейін де айтқаны жайлы жазылған. Дутертенің халықаралық саясаттағы ұстанымы да өзгере бастағаны байқалып жүр. Ол АҚШ пен президент Барак Обаманы бірнеше рет сынға алып, Қытай мен Ресейге оң қабақ танытқан.

Дутерте Ресейге сапармен барып, Путинмен келіссөздер өткізуге үмітті екенін мәлімдеген. Қазанның 20-сы күні Дутерте Путинге жер шарында өзге әлемге қарсы тұра алатын үш мемлекет – Ресей, Қытай және Филиппин бар екені жайлы айтқысы келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG