Accessibility links

Джон Керри Антарктикаға сапармен барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Антарктидаға сапармен барған алғашқы америкалық жоғарғы лауазымды үкімет адамы болмақ. Ол жақын күндері Вашингтоннан Антарктидаға аттанғалы отыр. Керри онда америкалық Мак-Мердо станциясында болып, одан соң оңтүстік полюстегі АҚШ ғылыми-зерттеу станциясына бармақшы.

Керри сапарының АҚШ-тағы президент сайлауымен тұспа-тұс келуі оның сайлаудан аулақ болғысы келетіндігіне емес, Антарктидадағы ауа райы жағдайына байланысты деп түсіндірді мемлекеттік департамент өкілі Джон Кирби. Оның сөзінше, Керри алдын ала дауыс беру мүмкіндігін пайдаланып, президент болуға лайық деп санайтын кандидатқа өз дауысын берген.

Антарктидада Джон Керри ауа райын зерттеушілермен кездесіп, Росса теңізіндегі қорықта болады деп хабарланды. Әлемдегі ең ірі теңіз қорығын құру туралы келіссөздерде Джон Керри маңызды роль атқарған. Табиғи резервация құру жайлы келіссөздер биыл қазанның 28-і күні Австралияда аяқталған. 2017 жылғы қаңтардың бірінен бастап Росса теңізіндегі қорық туралы халықаралық келісім күшіне енбек.

XS
SM
MD
LG