Accessibility links

Дублиндегі Ресей елшілігі алдында Алеппоны бомбалауға қарсы акция өтті


Соғыстан қираған Алеппо қаласының қазіргі көрінісі.
Соғыстан қираған Алеппо қаласының қазіргі көрінісі.

Ирландия астанасы Дублин қаласында Grannies4Equality ұйымының бір топ белсендісі Ресей елшілігі алдында Сириядағы әскери кампанияға қарсылық акциясын өткізген. Наразылар елшілік ғимараты алдында қызыл түске боялған қуыршақтар мен Мәскеуден Алеппоны бомбалауды доғаруды талап еткен соғысқа қарсы ұрандар жазылған плакаттарды қалдырған.

Қарашаның 3-і күні осындай акция Ұлыбританияда да өткен. The Syria Campaign ұйымының белсенділері Лондондағы Ресей елшілігіне кіреберісті жауып, жүздеген пластик манекеннің қолынан жасалған инсталляция қалдырған болатын. Ресей дипломатиялық миссиясы бұл оқиғаға байланысты Ұлыбритания сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдаған.

Сирияның Алеппо қаласының бір бөлігін үкімет күштері, тағы кейбір бөлігін қарулы оппозиция бақылауында ұстап отыр. Сирия президенті Башар Асадтың армиясы Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен көтерілісшілер бекінген аудандарға әуеден соққы беріп келеді. Батыс елдері Алеппоны бомбалаған кезде Ресей қарулы күштері әскери қылмыс жасаған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Қазан айында баспасөз құралдары ресейлік «Адмирал Кузнецов» әскери ұшақ тасығыш кемесі тағы екі кеме және сүңгуір қайықтармен бірге Сирия жағалауына бет алғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG