Accessibility links

Стамбул полициясы тұтқындағы журналистерді қолдау шеруін күшпен таратты


Түркиядағы оппозициялық Cumhuriyet газетін ұстап тұрған адам.
Түркиядағы оппозициялық Cumhuriyet газетін ұстап тұрған адам.

Стамбул полициясы оппозициялық Cumhuriyet газетінің тұтқындалған журналистеріне қолдау білдіріп шеруге шыққандарды қуып таратты деп хабарлайды Reuters. Полиция наразыларға қарсы жас ағызатын газ бен су шашқан.

Қарашаның 5-і күні Түркия соты оппозициялық Cumhuriyet газетінің тоғыз қызметкерін тұтқындауға шешім шығарған. Оларға «күрд қарулы құрылымдарын қолдайды» және оппозициялық діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген айыптар тағылған. Ресми Анкара биыл шілдеде сәтсіздікке ұшыраған әскери төңкеріс жасау әрекетін Гүлен ұйымдастырған деп санайды.

Түркияда шілденің 16-сына қараған түні қарулы төңкеріс жасамақ болғандарды билік басып тастаған. Бүлік кезінде 240-тан астам адам қаза тапқан. Төңкеріс жасау әрекетіне байланысты жүргізілген тергеулер барысында он мыңдаған адам ұсталған. Билік бүлікке қатысы бар деген күдікпен мыңдаған мемлекеттік қызметшіні, полиция қызметкерлері мен әскерилерді жаппай жұмыстан шығарған.

XS
SM
MD
LG