Accessibility links

Болгарияда президент сайлауы мен референдум өтіп жатыр


Болгариядағы президент сайлауы мен референдумге дауыс беріп жатқан сайлаушы. 6 қараша 2016 жыл.

Болгариядағы президент сайлауы мен референдумге дауыс беріп жатқан сайлаушы. 6 қараша 2016 жыл.

Болгария азаматтары бүгін президент сайлауына дауыс беріп жатыр. Президент ел тарихында алғаш рет төте дауыс беру жолымен сайланады. Сайлаушылардың барлығы дауыс беруге қатысуға міндетті. Сауалнама мәліметіне сәйкес, президенттікке негізгі кандидаттар – парламент спикері, биліктегі «Болгарияның еуропалық дамуы үшін» партиясының өкілі Цецка Цачева мен Ресеймен тығыз байланысты қолдайтын және Қырымды аннексиялағаны үшін Мәскеуге салынған санкцияны алып тастауды жақтайтын отставкадағы генерал Румен Радев болып отыр.

Жаңадан сайланған президент қызметіне 2017 жылғы қаңтардың 1-інен бастап кіріседі. Егер бүгінгі дауыс беру барысында жеңімпаз анықталмаса, онда бір аптадан кейін сайлаудың екінші туры өткізіледі.

Президент сайлауымен қатар бүгін Болгария азаматтары вице-президент сайлауына және ұлттық сайлау заңнамасына қатысты референдумге дауыс беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG